«Салт-дәстүрім - сарқылмас байлығым»

    2024 жылдан бастап Президентіміздің бастамасымен 14-23 наурыз аралығы Наурызнама онкүндігі деп жарияланды.
     Бұл онкүндік төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрлерін қалыптастыруға, ең жақсы адами қасиеттерді – ашықтықты, шынайылықты, жауаптылықты, қайырымдылықты ашуға бағытталған.
     Тараз «Парасат» колледжі осы бастаманы қолдау мақсатында 14-23 наурыз аралығында түрлі іс-шаралар ұйымдастырып өткізуде.
      Осы орайда 18 наурыз күні 20 жылдық тарихы бар Тараз «Парасат» білім ордасында «Салт-дәстүрім - сарқылмас байлығым» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Сілтеме