«Жұмыс берушілер күні»
Ағымдағы жылдың 15 қарашада Тараз Парасат колледж қабырғасында кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық мақсатында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы өткізілді.
«Жаңашыл маман- жұмыс берушінің арманы» тақырыбында іскерлік кездесу өткізілді. Кездесу барысында әріптестер тарапынан маман даярлау сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.
Студенттер біліктіліктің бірін игергеннен кейін еңбек нарығына тез шығу үшін академиялық дербестік бойынша жұмыс берушімен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары талқыланды.
Іс-шара соңында үздік жұмыс берушілерге ҚР оқу-ағарту министрінің, колледж директорының алғыс хаттары табыс етілді.
Іс-шараның мақсаты жас маманның бірыңғай портретін қалыптастыру мәселесінде әлеуетті жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастық нысандарын іздеу,жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сәйкес келетін түлек моделін құру,жұмыс орындарында түлектерді жұмысқа орналастыру және одан әрі бейімдеу бойынша білім беру мекемесі мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимыл жүйесін қалыптастыру.